К 30-летию Независимости Казахстана | 01 қыркүйек 16:00

Қаражанбас мұнайшысы дзюдодан Маңғыстау облысы чемпионы атанды

Мұнайшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Қаражанбас жұмысшыларының жеңіс қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Әлібек Қосымұлын еске алуға арналған ардагерлер арасындағы облыстық турнирде технологиялық көлік басқармасының шебері Жасұланбек Таңатов топ жарды.

Жекпе-жектер алғашқы секундтардан бастап бәсекеге толы болды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам спортшы чемпион атануға барын салды. Татамидегі талай тартыстан тәжірибе жинаған әріптесіміздің әр кездесуі жарқын сәттермен ерекшеленді.

Жасұланбектің қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жету мүмкіндігі мол болды. Нәтижесінде жауырыны жерге тимеген ол, бірінші орынға ие болды.

Чемпион 15 жылдан астам уақыттан бері Қаражанбас кен орнында көлік саласында қызмет етіп келеді. Түпқараған ауданының тумасы күреспен жасөспірім шағынан айналысады. Ол былтыр республикалық «Қазақстан барысы» сайысында Маңғыстау облысының намысын қорғады.