К 30-летию Независимости Казахстана | 26 қаңтар 10:05

Қаражанбас мұнайына – 48 жыл

26 қаңтар – «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін маңызды күн. Бұл күні осыдан тура 48 жыл бұрын, Бозашы түбегінде орналасқан Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай фонтаны атқылады.

1974 жылы Бозашы жерін зерттеген Әділ Нұрмановтың жетекшілігіндегі геологтар тобы барлау жұмыстарын бастауға ниетті еді. Сол жылы қыс өте жылы болып, Бозашы жағалауына мұз қатпаған. Бас геолог пен топограф болашақ ұңғымалардың орналасатын жерін әрең белгіледі. Жобаға сәйкес, бұл учаскеде он екі таяз барлау ұңғымалары бұрғылануы тиіс болатын.

Бұрғылауды ортасынан бастау туралы шешім қабылданып, ұңғымаға К-12 деген атау берілді. Бұрғылау жұмыстарының бригадирі Әділ Нұрмановтың атынан Санақ Таянов МАЗ жүк көлігіне орнатылған БА-15н қондырғысымен ұңғыма бұрғылауды бастады. 26 қаңтар күні түн ортасында, 302 метр тереңдікке жеткенде, кенеттен қуатты мұнай фонтаны атқылай бастады.

 

Санақ Таяновтың бригадасы атмосфералық қысымы 150 болатын мұнай фонтанын бағындырғанымен, оны техникалық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкестендіру үшін бір ай уақыт қажет болды. Ашық мұнай фонтанының өнімділігі тәулігіне 150 текше метрді құрады.

Осылайша, 1974 жылдың 26 қаңтары Бозашы мұнайының ашылған күні ретінде Маңғыстау мұнай саласы тарихына алтын әріппен жазылды.