К 30-летию Независимости Казахстана | 27 желтоқсан 08:30

«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының м.а. тағайындалды

«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар Кеңесі шешімімен ҚБМ Бас директоры – Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Союнов Нұрсейіт Жомартұлы тағайындалды. Ол аталмыш қызметті Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметімен қатар атқарады.

Нұрсейіт Союнов 1978 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Шахмардан Есенов атындағы университетті «Тау-кен инженері» мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша бітірген. «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да оператор болып бастаған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «ОралОйлэндГаз» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылдан бері ҚБМ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.