Донор болғысы келетіндер арасында ешқашан қан тапсырмаған және донорлық базаны қалыптастыруға белсенділік танытқан мұнайшылар болды. Олардың бәрін жерлестерге көмектесуге деген таза ниет біріктірді. Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің инженері Нұрлан Шадыев «Кадрлық» донор атанып үлгерген. Себебі ол 10 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырады.
«Егер менің қаным біреудің өмірін құтқарса, демек мен бекерден-бекер бұл іске жауапкершілік танытпағанмын. Донор болу үшін салауатты өмір салтын ұстану, алкоголь пайдаланбау, жаман әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану жеткілікті. Баршаңызды игі акцияға қосылуға шақырамын», - деді Нұрлан.
Акция мақсаты - өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрған адамдарға, күрделі аурулармен күресетін науқастарға көмектесу. Мұндай бастамалар облыста гемокомпоненттердің стратегиялық қорын сақтауға көмектеседі.