Пайдалануға берілген ЦА-400 цементтеуші агрегаттары ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу кезінде құбырлардың қысымын өлшеп, жер қабаттарына су айдау, цементтеу қызметтерін атқарады. Оған қоса ыстық және салқын сумен ұңғыма бөлшектерін жууға, құбырларды шаюға пайдаланылады.
Сондай-ақ, ауыр техникаларды тасымалдау, су тасу мен суару жұмыстарына арналған қос тіркеме өндірістік процесті жандандыруға зор үлес қосады. Айта кетейік, аталмыш көліктер интеграциядан кейін, автопаркті жаңарту басталғалы пайдалануға берілген он бесінші арнайы техника.
«Интеграциядан кейін көлік басқармасында оң өзгерістер көбейді. Қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүйеленді. Ал пайдалануға берілген жаңа көліктер жұмысты жедел әрі нәтижелі орындауға мүмкіндік береді», – деді жұмысшылар.
Көлік қызметкерлеріне бұған дейін табысталған автобустар, автогидрокөтергіш, автоцистерна, ЖБГҚ, автокран сияқты техникалар кен орны объектілеріндегі қызметін сәтті жалғастыруда. Автопаркті жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.