К 30-летию Независимости Казахстана | 21 октября 15:03

Қаражанбасмұнай автопаркті жаңартып жатыр

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) автопаркі жаңа алты автобуспен толықты. Енді жүзден астам қызметкер жұмыс орнына жылдам әрі жайлы жете алады.

Жол талғамайтын автобустар қолайсыз ауа райында қызметкерлердің жұмысқа кедергісіз қатынауы үшін ең тиімді шешім. Әр көлік 28 жолаушыға арналған. Көлік салоны жылыту және салқындату жүйесімен, жарықпен қамтамасыз етілген, орындықтары ыңғайлы әрі сапалы материалмен қапталған.

ҚБМ-дағы автопаркті жаңарту бағдарламасы үшінші жыл қатарынан жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде компанияның екі гаражына 300-ден астам техника сатып алынды. Қалған көліктерді жеткізу жұмыстары компанияның жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.