К 30-летию Независимости Казахстана | 12 шілде 17:38

Қаражанбасмұнай бас директорының бірінші орынбасары тағайындалды

«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар Кеңесі шешімімен ҚБМ Бас директорының Бірінші орынбасары қызметіне Ван Вэй тағайындалды. Бас директор Марат Елеусінов компания ұжымына жаңа топ-менеджерді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ван Вэй еңбек жолын СИНОПЕК Халықаралық мұнай барлау және өндіру корпорациясында инженер-геолог болып бастаған. Әр жылдары геология және игеру бағыты бойынша «Қарақұдықмұнай» ЖШС-да менеджер, бөлім басшысы, Бас директордың орынбасары, Бас директор болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Қарақұдықмұнай» ЖШС Бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Анықтама: ҚБМ Акционерлерінің Келісім ережелеріне сәйкес, жоғары буын басшыларының компанияны басқаруы 5 жыл көлемінде кезектестіру тәртібімен жүргізіледі.