К 30-летию Независимости Казахстана | 30 мамыр 10:23

Қаражанбасмұнай бас директорының орынбасары тағайындалды

«Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып Қарамұрзаев Ермек Болатбайұлы тағайындалды. Ол бұрын «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Ермек Қарамұрзаев 1974 жылы 20 тамызда дүниеге келді. 1993 жылы Жаңаөзен мұнай және газ техникумын «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 2003 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығын тәмамдады. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі, сондай-ақ «МИРБИС» Мәскеу Халықаралық Жоғары бизнес мектебінің іскерлік әкімшілендіру Шебері дәрежесіне ие.

 

Еңбек жолын 1993 жылы «ӨМГ» ААҚ ӨЖБ, 1-МГӨБ слесарь-жөндеушісі болып бастады. Әр жылдары механик, ӨЖБ басшысының орынбасары, 2а,3 блоктарын оңалту жөніндегі топты басқарды. «ӨМГ» ӨФ 3-МГӨБ филиалының ӨТБ басшысы, «ӨМГ» ӨФ 3-МГӨБ ОИТҚ басшысы болды. Сонымен қатар, «ҚМГ» БӨ» АҚ-да қызмет тиімділігін басқару департаменті директорының орынбасары, жетекші талдаушы/инженер, өндірісті мониторингтеу және жедел басқару департаменті директоры болып еңбек етті.

Соңғы жылдары мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, өндіріс жөніндегі Басқарушы директор, «ӨзенМұнайГаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.