К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қаңтар 12:13

«Қаражанбасмұнай» басшылығы «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы мен топ-менеджерлері «Қазақстан халқына» қорына қолдау ретінде бір күндік жалақысын аударды» делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Қазақстан халқына» қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қор келесі міндеттерді орындайды:

Қазақстан Республикасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету; төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету; халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау; Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.