Алғаш болып сөз алған ҚБМ Басқармасы өндірістік көрсеткіштердің артуы, стратегиялық маңызды жобалардың іске асырылуы және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы айтты. Сондай-ақ компанияның негізгі қағидаттарының бірі-мұнайшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында Басқарма тағы да өндірістік алаңдарда белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырды.
«Өндірістік қауіпсіздік – Қаражанбас жұмысындағы негізгі факторларының бірі. Кез келген жұмысты жүргізу кезінде біз қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды тапсырамыз. Өйткені, әрқайсыңыз вахта ауысымынан кейін үйге аман-есен оралуыңыз тиіс. Біз еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше мән береміз. Өз кезегінде әрбір жұмысшы да жауапкершілікті сезінуі керек», – деп атап өтті ҚБМ Басқармасы.
Тақырыпты жалғастыра отырып, еңбек қауіпсіздігі, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Наурызбек Дүйсекенов баяндама жасады. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта өткен жылмен салыстырғанда өндірістегі жарақаттану санының өсуі байқалады. Жауапты мамандар әр фактіні талдап, бірқатар тиісті шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, «нөлдік жарақаттану» негізгі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, жазатайым оқиғалардың және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, сондай-ақ ҚТ сақтау бөлігінде үлгілі қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған «Қорғау» бағдарламасы енгізілді. Бұдан бөлек, ҚжЕҚД еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді, мұнаймен ластанған учаскелерді рекультивациялау бойынша жұмыс жоспарын аяқтауды және тағы басқаларды белсенді енгізуде.
Компанияның есептік кезеңдегі өндірістік-техникалық қызметі туралы Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұрсейіт Союнов баяндады. Осылайша, І жартыжылдықта мұнай өндіру көлемі 1 058 мың тоннаны құрады, бұл жоспардың 2,1 мың тоннаға артығымен орындалғанын білдіреді. Екінші жартыжылдықта өндірістік блок күн электр станциясын салу арқылы электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді, инфрақұрылымды дамыта түсуді, «ГЗУ-37» құрылысына кірісуді, бірқатар өндірістік объектілер жүйелерін жаңғырту және автоматтандыру бойынша жұмыс бастауды жоспарлап отыр.
Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының (БжҰЖКЖБ) бірінші жартыжылдықтағы қызметі туралы бөлімшенің басқарушы директоры Таңатар Жайман есеп берді. Жыл басынан бері БжҰЖКЖБ жұмысшылары 83 жаңа ұңғыма қазып, жоспарды асыра орындады. Бұл күндізгі жұмыс ауысымының уақытын тиімді пайдалану және қосымша арнайы техниканы жұмылдыру арқасында жүзеге асып отыр. Бұдан бөлек, жерасты күрделі жөндеу уақыты қысқарды. Жаңа ұңғымаларды бұрғылау санының артуы кен орны болашағының зор екенін білдіреді.
Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Оңғарбай Қабылов кадр және әлеуметтік сала көрсеткіштерімен бөлісті. Оның айтуынша есептік кезеңде қызметкерлерге барлық материалдық төлемдер толық жүзеге асырылды. Сондай-ақ, мұнайшылардың 2300-ге жуық баласы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалды. Мұнайшылар буыны сала ардагерлерін де ұмытпайды. Олар дәстүр бойынша зейнеткердерді мерекелермен құттықтап, жастармен кездесулерге шақырып, барынша көмек көрсетеді.
Жиналысты қорытындылай келе, Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және өндірістік бағыттар бойынша көрсеткіштерді жақсартуға атсалысқан еңбек ұжымына алғысын білдірді. Өз кезегінде мұнайшылар басшылыққа сұрақ қойып, нақты әрі толық жауап алды. Ұжымға есеп беру кездесулері әлі де жалғасын табады.