К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қыркүйек 12:18

Қаражанбасмұнай еңбек және қоршаған ортаны қорғаудағы жетістіктері үшін марапатталды

Елордада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас директорларының еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы дәстүрлі VII форумы өтті.

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚМГ басшылығы, 30-дан астам еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары мен өзге де серіктестер қатысты.

«Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мәселесіне жіті назар аударуымыз керек. Қызметкерлер – «ҚазМұнайГаз» үшін ең басты құндылық», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Форумда 2021 жылдың және биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Онда табысты және артта қалған кәсіпорындар аталып, ҚМГ-ның еншілес компаниялары оқыс оқиғалардың нөлдік көрсеткішіне жетуі үшін орындауға тиіс 12 бағыттан тұратын «HSE тиімділік дөңгелегі» корпоративті моделі таныстырылды.

 

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері үшін «Қаражанбасмұнай»,

«Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Ембімұнайгаз», «ҚазТрансОйл», «Caspi Bitum», «Маңғыстауэнергомұнай» кәсіпорындары марапатталды.