Турнирге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобынан 5 команда: Нұр-сұлтан қаласынан «Қазмұнайгазпроф», Атырау қаласынан «Жайық» және Маңғыстау облысынан «Қаражанбасмұнай», «Маңғыстаумұнайгаз», «Ойл транспорт корпорэйшн» командалары қатысты.
«Ережеге сәйкес, жасыл алаңға 50 жастан асқан мұнайшылар шықты. Жолдастық кездесу форматына қарамастан әр матч тартысты өтті. Біздің команда екі кездесуде жеңіске жетіп, тағы екі кездесуде есеп тең түсті. Нәтижесінде, ерекше ойынмен ерекшеленген «Қаражанбасмұнай» командасы екінші орын иеленіп, күміс кубок жеңіп алды. Сайысты ұйымдастыру мен өткізуге атсалысқаны үшін «Маңғыстау мұнайына 60 жыл» естелік медалі табысталды», – делінген компанияның хабарламасында.
«Біздің команда жыл сайын осындай турнирлерге белсенді қатысады және тартысты ойынымен ерекшеленеді. Шағын футбол – бұл тек жасыл алаңға шығу емес, ескі достармен кездесуге тамаша мүмкіндік. Ойын керемет өтті, бәріне рақмет», – деді «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Айтбай Кужухов.