Бес қабат, 8 подъезден тұратын ғимарат кәдімгі тұрғын үй тәріздес. Әр пәтерде жатын, ас және жуыну бөлмесі бар. Қаражанбастықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жөндеу кезең-кезеңімен жасалып келеді. Бұл жолы 5-подъездегі 117 адам тұратын 20 пәтер мен дәліз қабырғалары қайта сыланып, едені жаңартылды. Есік-терезесі ауыстырылып, қажетті жиһаздар, тұрмыстық техникамен жабдықталды. Кәсіби мереке қарсаңында жөндеуден өткен бөлмелерге орналасу мұнайшыларға ерекше қуаныш сыйлады. Бұл жұмысшылардың қызметке құлшынысын арттыра түседі. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту – компаниядағы басым бағыттардың бірі. Сондықтан жол картасы аясындағы жұмыс әлі де жалғасын табады.