Семинардың негізгі мақсаты – мамандардың біліктілігін арттыру және МИЖ ішкі аудиторларын даярлау.
20-дан астам жұмысшы сапа және экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар, денсаулық менеджменті мен өндірістегі қауіпсіздік бойынша білімін шыңдады. Оқу барысында олар ең өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер мен жауаптар алды, сондай-ақ практикалық сабақтар өткізілді. Алдағы уақытта білім алған жұмысшылардан МИЖ аудиторлық тобы құрылады.
Айта кету керек, ішкі тексеріс нәтижелері басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректерінің негізі болып табылады және ұйымға ISO стандарттарына сәйкестігін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сол себепті тексерулерді дұрыс жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу, нәтижелерін талдау аса маңызды.