Мұнайшылар сенбілік өткізу үшін облысымыздағы көрікті жерлердің бірі – «Голубая бухта» жағалауын таңдады. Қолына күрек, тырма және т.б. қажетті құралдар алған 90-нан астам белсенді аталмыш учаскені ұйымшылдықпен, мұнтаздай таза етті.
«Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті. Экологиялық акциялардың трендке айналғаны және көпшіліктің осындай бастамаларды қолдауы көңіл қуантады. Бірлескен күш-жігер арқасында біз үлкен шараны ойдағыдай өткіздік», - деп атап өтті қаражанбастықтар.
Жігерлі жастар күшімен пластикалық бөтелкелерден бастап, автомобиль шиналарына дейін 10 тоннадан астам қоқыс жиналды. Арнайы техникаға тиелген қатты қалдықтар қоқыс полигонына жіберілді.