Биыл «Қаражанбасмұнай» АҚ балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және белсенді, пайдалы демалыс ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Компания жұмысшыларының 2200-ден астам баласы «Rixos Water World Aktau», «Фламинго», «Кендірлі», «Арман дала» және «Айналайын» сияқты үздік сауықтыру лагерьлерінде демалды.
«Керемет демалыс үшін ұйымдастырушыларға рақмет айтамыз. Біз көптеген балалармен достасып, бірге концертке, киноға бардық, бассейнде жүзіп, тауға да шықтық. Бір-бірімізді қимасақ та, сүйікті лагерімізге қайта ораламыз деп сенеміз», – деп балалар алған әсерімен бөлісті.
Легерьдегі демалыстан балалар ұмытылмас әсер алып қана қоймай, жаңа достар тапты. Олар түрлі іс-шараларға қатысып, жасырын таланттары мен жаңа қырларын ашты. Спортпен шұғылданды, экскурсияға шықты, атқа мініп, көрікті жерлермен танысты. Осылайша олар жағымды эмоцияларға бөленіп, уақытты сергек те позитивті өткізді. Балалар биылғы жазды өмір бойы есте сақтайтыны анық.