Су жаңа жабдықтар балалардың оқуға құштарлығын арттыра түсті. Шәкірттер дәптерлер мен қаламдар, түрлі бояу, қарындаштар мен сурет альбомдары және өзге де құралдармен толыққан сөмкені қуана қабыл алды. Сондай-ақ олар сабақты үздік оқып, тәртіпті болуға уәде берді.
«ҚБМ тек өндіріс емес, өңіріміздегі барлық саланың дамуына ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат. Сондықтан олардың арасында болашақ мықты мамандар отырғанына кәміл сенеміз. Зейіндеріңіз ашылып, жетістіктеріңіз еселене берсін», – деді ҚБМ әлеуметтік саясат және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары Марат Себасов.