К 30-летию Независимости Казахстана | 26 қараша 15:38

Қаражанбасмұнай: «Минут ішіндегі жеңіс»

Қаражанбас кен орнында мұнайшылардың шапшаңдығы мен ептілігін сынға салатын «Минут ішіндегі жеңіс» сайысы өтті.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарысқа І вахтаның 10 жұмысшысы қатысып, өз қабілетін паш етті.

 

Ой мен ойын ұштасқан дода 7 кезеңге созылды. Әр кезең сайын тапсырмалар күрделене түсті. Үміткерлер алдымен қаз қатар қадалған инелерге жіп сабақтап, үрленген шардың ауасын шығару арқылы стақанларды орнынан қозғаудан сайысты. Бұдан соң таяқша көмегімен бұрандаларды бір-бірінің үстіне орналастырды. Басты ереже бойынша әр тапсырманы орындауға тек бір минут уақыт берілді.

 

Тартысты сайыс кіл мықтылар арасынан шын мықтыны анықтап берді. Уақытты ұтымды пайдаланып, тапсырманы тиянақты орындау арқылы қатарластарынан оқ бойы озық шыққан №1 мұнай өндіру цехының операторы Найман Аминов чемпион атанды.