К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қаңтар 14:12

Қаражанбасмұнай шебері: «Кәсібилік – өз ісіңе деген адалдық»

Қаражанбастың даму тарихы – кен орнын қалыптастыру жолында зор еңбек сіңірген жұмысшылардың қайсарлығы мен адал еңбегінің жемісі. Мұнайшылардың кәсібилігі мен еңбексүйгіштігі арқасында Қаражанбас мұнайы өндіріліп, тасымалданады. Солардың бірі – өмірінің ондаған жылын өндіріске арнаған – жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехының шебері Марат Турушев.

Марат жастық шағынан бастап жаңашылдыққа, әсіресе техникалық жетістіктерге ерекше қызығатын. Өз ісіне деген зор жауапкершілік арқасында ол мансап сатысымен ЖПжИЖЦ монтаждаушысынан шебер лауазымына дейін биіктеді. Бүгінде оның қарамағында аға буынға құрметпен қарап, үлгі тұтатын 20-ға жуық жұмысшы еңбек етеді.

 

«Кәсіби мамандар – бұл жүктелген міндетті сапалы орындайтын жұмысшылар ғана емес, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қызығушылық танытатын жандар. Біздің цехтың барлық жұмысшысы өз міндеттерін абыроймен атқарады. Әсіресе, Қаражанбас игілігі үшін еңбек етіп, тәжірибе жинақтап келе жатқан жас мұнайшылар мақтауға лайық», – дейді шебер.

Кейіпкеріміз өндірісте оң бағыт беруші тәлімгер, ал үйде үлгілі отағасы. Ол адалдық пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді балаларының бойына сәби күнінен сіңіріп келеді. Сондай-ақ Марат Турушев сияқты кәсіби мамандарға өндірістің маңызды объектілерінің жұмысы жүктеледі. Олардың нәтижелі еңбегіне қарап, өндірісте үздіксіз жұмыс жүретініне кәміл сенуге болады.