К 30-летию Независимости Казахстана | 13 июля 08:30

«Қаражанбасмұнай» тұрақтылығының кепілі

Тәуекелдерді сәйкестендіру, оларды бағалау, оңтайландыру және тұрақты мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылатын тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесі – компания тұрақтылығының кепілі саналады.

Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның жоғары және орта буын басшылары тәуекелдерді басқару саласында біліктілігін арттыруда. Екі күндік оқыту барысында ҚБМ Басқармасы, топ-менеджерлер және өндірістік басқарма басшылары мұнай өндіруші компанияларға арналған әдістерді қолдана отырып, тәуекел-менеджментінің негіздерін нығайтады.

 

Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру саласындағы тәжірибесімен сарапшы-аудитор Айжан Түйтебаева бөлісіп жатыр. Оқыту бағдарламасы компания қызметінің барлық салаларында тәуекелдерді анықтаудың, бағалаудың және жоюдың жүйелі процестерін қалай енгізу және басқару туралы мәселелерді қамтыды. Дәрістерден соң қатысушылар әлемдік стандарттарға негізделген мәселелерді ұтымды әдістермен шешуді үйренді. Сондай-ақ, ҚБМ-дағы тәуекелдерді бағалау және басқару жұмыстарына талдау жүргізілді.

Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйелері бәсекелестік артықшылыққа айналып, компанияға нарықтағы қарқынды өзгерістер кезінде сенімді әрекет етуге көмектесетіні атап өтілді. Сондықтан тәуекелдерді түсіну және оларды басқару мүмкіндігі аса маңызды.

 

Оқудың практикалық бөлігінде қатысушыларға ситуациялық тапсырмалар беріледі. Олар барлық тәуекелдер мен қауіптерді басқара отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс. Айта кету керек, оқыту Қаражанбас кен орнындағы бөлімшелер мен цех басшылары арасында да өткізіліп жатыр.