Жиналғандарға Рамазан айының қасиеті, бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі, бірлік бар жерде береке болатыны жайында насихат сөздері мен дұға тілек айтылды.
«Ұжымдық ауызашарға бір үйдің баласындай жиналуымыздың өзі көңілге қуаныш ұялатады. Бұл рухани тазаруға және жан-жақты дамуға ықпал ететін, сабырлылық пен байсалдылық сынды құндылықтарды дәріптейтін ерекше ай. Рамазанда жасалған игі істер жыл бойы жалғасын таба берсін!»,- деп атап өтті компания басшылығы.