1961 жылы Маңғыстау облысында туған Асқар Киікбайұлы 1984 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2001 жылы Орталық Азия университетін тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын өндірісте бастап, кейіннен облыстық жастар ісі, ақпарат және қоғамдық келісім, ішкі саясат басқармаларының басшысы, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының әлеуметтік және әкімшілік мәселелер бойынша орынбасары, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының әлеуметтік және әкімшілік сұрақтар бойынша орынбасары, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры, Маңғыстау облысы әкімінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған.
Сервистік қызмет көрсетуге арналған кәсіпорындар мен Қаражанбас кен орнындағы өзге де жеке ұйымдарды қосқанда, "Қаражанбасмұнай" компаниясы ауқымында 7 мыңнан астам адам еңбек етуде. Еңбеккерлердің басым бөлігін отандық мамандар құраса, 0,93 пайызы шетелдік қызметкерлерге келеді.