«Қаражанбаста көптеген талантты және жан-жақты жастар еңбек етеді. Сәйкесінше компанияда әрбір маманның кәсіби өсуі, оқуы және дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл біздің интеграциядан кейінгі алғашқы ауқымды кездесуіміз. Жас мамандардың өндірістік, ғылыми немесе қоғамдық бастамасы Басшылық тарапынан үнемі қолдауға ие», – деді ҚБМ басшылығы.
Жоба үш кезеңнен тұрады – бұл ойындар, тренингтер және салтанатты шара. Ұжымдық рухты көтеріп, белсенділікті арттыру мақсатында пейнтбол ойыны ұйымдастырылды. Мұнайшылар жұмыс формасын жауынгерлік киімге ауыстырып, 8 командаға бөлініп, жарысқа кірісті. Аталмыш ойын ептілік пен шеберліктен бөлек, командалық рухты және топ болып шұғыл шешім қабылдау қабілетін дамытады.
«ҚБМ жұмысшылардың кәсіби білімін жетілдіруге үнемі жағдай жасайды. Мен осындай компанияның мүшесі болғаныма қуаныштымын. Біз бұл жобаны асыға күттік. Алған білімімізді өндірісте тиімді пайдалануға тырысамыз», – деді ПБжЕАТД кадр жөніндегі маманы Ильяс Бекмолдинов.
Ойын тартысты да қызықты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға диплом және кәдесыйлар табысталды. Пейнтбол жарысы одан әрі қызықты тимбилдингке ұласты.