К 30-летию Независимости Казахстана | 15 наурыз 09:20

Қаражанбасмұнайда көрісу күні жаңа операторлық пункт ашылды

Қаражанбас кен орнында №2 мұнай өндіру цехы ұжымына жаңа операторлық пункт пайдалануға берілді.

Аталмыш нысан өндірістік процесті оңтайландырып, мұнайшылардың жұмыс нәтижесін арттыру мақсатында салынған. Сондай-ақ ғимаратта бақылау және басқару жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Пункттің салтанатты ашылу рәсіміне «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Нұрсейіт Союнов, өндірістік басқарма және еңбек ұжымы қатысты.

«Соңғы жылдары жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа ашылған операторлық пункт біздің жұмыс істеуге деген құлшынысымызды еселей түсті», - деді №2 МӨЦ жұмысшылары.

 

№2 МӨЦ 706 ұңғыма арқылы тәулігіне 1760 тонна қара алтын өндіреді. Цехта барлығы 6 бригада жұмыс істейді. Жаңадан ашылған операторлық пункт аумағына алдағы уақытта өндірістік процеске жаңа серпін беретін №36 топтық өлшеу қондырғысын салу жоспарлануда.