Бағдарлама сапа, еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың негізгі қағидаттары мен талаптарын зерделеуге бағытталған бірқатар модульдерден тұрады. Бұдан бөлек, ҚБМ тәжірибесіне қажетті элементтерді енгізу талқыланады. Оқыту тәуекелдерді басқару мәдениетін енгізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бизнес-процестері мен құжат айналымын, МИЖ ішкі аудитін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Интеграциядан кейін МИЖ енгізу компания қызметінің нәтижесін жақсартуға және тұрақты дамуға бағытталған бастамалар үшін берік негіз қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық шешім. Біз процестердің нәтижелілігіне және жоғары дәрежелі стандарттауға ерекше назар аудара отырып, басқару сапасын жетілдіруге тырысамыз», – деді ҚБМ Басқармасы.
Оқытуға дейін қолданыстағы менеджмент жүйесіне бағалау жүргізу және көрсетілген стандарттарға сәйкес МИЖ-ін одан әрі пысықтау және енгізу мақсатында диагностикалық аудит кезеңі өтті. МИЖ енгізудің барлық кезеңі жүзеге асырылғаннан кейін сертификаттау аудиті өткізіледі, оған жетекші халықаралық аудиторлар шақырылады.