Жас мамандар өз таңдауын жасап, қос кандидатқа дауыс берді. Мұнайшылардың басым көпшілігі Айбек Ұлықпановтың кандидатурасын қолдады.
Ол 2011 жылдан бері Қаражанбас кен орнында бұрғышы болып жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап ҚБМ интеграциясына дейінгі аралықта «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС-нің «Жас маман» кеңесі төрағасы қызметін атқарған. 2019 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) жастар саясатын басқару комитетінің мүшесі. 2020-2022 жылдар аралығында ҚМГ Басқарма төрағасының жастар саясаты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болған.
Айта кетейік, білімді де белсенді жұмысшылар жиналған «Жас маман» кеңесі осыдан 10 жыл бұрын құрылған. Содан бері ҚБМ жастары тек компанияның ғана емес, өңірдің қоғамдық, мәдени-спорттық, тарихи-танымдык шараларын ұйымдастыру мен өткізуге атсалысып келеді.