«Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі жаңа айдар ашып, жас кадрлармен сұхбат құруды көздеп отыр. Алғашқы кейіпкер – №2 мұнай өндіру цехының операторы Сағадат Маңғыстау.
– Сағадат, Қаражанбас сіздің өміріңізде қандай орын алады?
– Әрбір жұмысшы «Қаражанбас - біздің екінші үйіміз» деп жауап берер еді деп ойлаймын. Біз мұнда өміріміздің жартысын өткіземіз. Жұмыс істейміз, дамимыз, шыңдаламыз, компанияның әлеуметтік өміріне атсалысамыз. Мен үнемі кәсіби тұрғыда жетіліп келемін және барлық жинақталған тәжірибемді іс жүзінде қолданамын. Біздің қызметіміз ел игілігі үшін өте маңызды. Сондықтан оны ештеңеге айырбастамайтыныма сенімдімін.
– Сізді вахталық кенттегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар қанағаттандыра ма?
– Біз тұрғын үйден еш кем түспейтін заманауи, жайлы жатақханада тұрамыз. Күн сайын дәмі тіл үйіретін түрлі тағамдармен тамақтанамыз. Әлеуметтік пакетке емделу, сауықтыру шипажайлары, балаларға қамқорлық жасау және т.б. үшін ақы төлеу сияқты ең негізгі және қажетті жағдайлар қамтылған. Осының бәріне сүйене отырып, әрине, әлеуметтік жағдайлар толығымен қанағаттандырады деп сенімді түрде айта аламыз. Сонымен қатар, біз - жас мамандар, бастамаларымыз жүзеге асқан кезде ерекше қолдауды сезінеміз. Біз ел ішінде және шетелде өткізілетін көптеген іс-шараларға қатысып, тәжірибе алмасамыз.
– Еңбек жағдайын одан әрі жақсарту және Қаражанбасты дамыту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
– Қазіргі уақытта инновациялық процестер кәсіпорынның стратегиялық табысын анықтайтын маңызды факторға айналуда. Осыған байланысты уақытпен бірге қадам басып, заманауи техникалық мүмкіндіктерді пайдалану маңызды. Мысалы, ҚБМ стратегиялық бағыттарының бірі кен орнын цифрландыру. Менің ойымша, біз бұған да жүйелі түрде қадам басамыз.