Мұнда әйелдер үшін ерлермен салыстырғанда жеңіл жаттығулардан тұратын бағдарламаларының мол таңдауы бар.
Әйелдер фитнес-клубында гимнастика, йога және аэробика сабақтары жүргізіледі. Зал велотренажерлар, турниктер және арнайы кілемшелер сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаттығуды жаңадан бастағандарға кәсіби нұсқаушы бағыт-бағдар береді. Осылайша, ұжымдағы қыз-келіншектер жұмыс ауысымынан кейінгі бос уақытын тиімді өткізеді.
«Кен орнында әйелдер үшін де барлық жағдай жасалғаны қуантады. Ерлерден бөлек залда спортпен шұғылдану біз үшін өте ыңғайлы. Жаттығуларымыз қызықты өтеді. Спортпен шұғылдану үшін керемет мүмкіндік жасаған басшылыққа алғыс айтамыз», – деп атап өтті қаражанбастық қыз-келіншектер.