К 30-летию Независимости Казахстана | 12 ақпан 14:16

Қаражанбаста алғаш мұнай атқылағанда

Бүгінде Қаражанбас кен орнында алғаш рет мұнай бұрқағының атқылағанына 45 жыл толып отыр. Тарихи оқиға 1974 жылдың 22 қаңтарынан бастау алады.

"Сол кезеңде К-12 құрылымдық ұңғысынан 302 м тереңдіктегі төменгі бор шөгінділерінің неоком қабатынан тұңғыш мұнай бұрқағы атқылаған еді. 45 жыл бұрын жаңа Бозашы мұнайлы аймағының Қаражанбас кен орны ашылған күні болып Маңғыстау тарихында мәңгілікке жазылып қалды. Қаражанбас кен орның ашқан геолог Әділ Нұрманов, бұрғышы Санақ Таянов, тағы да басқа ағаларымызға құрметпен алғысымызды білдіреміз" деп өткенге ілтипат танытқан "Қаражанбасмұнай" АҚ ұжымы терістік Бозашы түбегін ашқан алғашқы геолог Әділ Нұрмановты құттықтап барды.

Компания ұжымы ақсақалға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Өз кезегінде шежірелі аға буын өкілі Қаражанбас кен орнындағы бұрғылау жұмыстарының қалай басталғанын, оны игеру жолындағы түрлі қиындықтардан қалай өткенін әңгімелеп берді. Сонымен бірге, бүгінде мұнай өндіруші ірі компанияның қалай өркендегенін тілге тиек етіп, құрмет көрсеткендерге ризашылығын жеткізді.