К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қаңтар 08:20

Қаражанбаста жаңа жатақхана құрылысы жүріп жатыр

Жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту – «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Осыған орай кен орнындағы №4 жатақхана аумағында 192 адамға арналған тағы бір жаңа жатақхананың құрылысы жалғасып жатыр.

Төрт блоктан тұратын модульдік ғимараттың әрқайсысының аумағы 500 шаршы метрге жуықтайды. Тұрғын блогынан бөлек мұнда киім ауыстыру және кәріз-сорап станциясына арналған бөлмелер салу да жоспарланған. Қазір жатақхананың іргетасы қаланып, инженерлік желілері толықтай тартылды. Енді ғимараттың қаңқасын бекіту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Мұнайшыларға қолайлы жағдай жасау үшін құрылысқа сапалы материалдар қолданылып, заманауи қажетті құрылғылармен жабдықталады.

Аталмыш жатақханаға бұрын «ТМС» лагерінде қоныстанған жұмысшылар көшірілмек. Құрылыс жұмыстары биыл жазда аяқталады деп жоспарланып отыр.