«Наурыз – ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптейтін, бәріміз үшін маңызды мереке. Жұмыстың күрделілігіне қарамастан, қаражанбастықтар жарыстарға белсенді қатысты. Қатысушыларымыз мықты физикалық дайындығын көрсетті. Қаражанбасмұнайда жеңісті күндер көп болсын», – деді ӨБ директоры Махамбет Елеусінов.
Бір ай бойы екі вахта ауысымының мұнайшылары футбол, волейбол, теннис, шахмат ойнап, қол күрес, арқан тарту сайыстарында күш сынасты. Мұнайшылардың айтуынша, әріптестердің қолдауы оларға жігер сыйлап, жеңіске бір қадам жақындата түсіпті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, ақшалай және естелік сыйлықтар табыс етілді.