ҰҒЗӨЖЦ екі бағытта жұмыс істейді:
ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу; химиялық талдау зертханасы.
Ұңғымалардың жұмысын бақылау және оңтайландыру мақсатында зертхана күн сайын шамамен 600 мұнай сынамасына зерттеу жүргізеді. Цехта 100-ге жуық кәсіби білікті қызметкер бар. Солардың бірі – «Үздік маман» байқауының үш дүркін жеңімпазы – оператор Әсет Тасқалиев. Жас болса да тәжірибелі маман «ғылым мен техниканың дамуы туралы тек ұңғымаларды зерттеу нәтижелері мен тәжірибеде қолдану арқылы айтуға болады» дейді.
«Мен Қаражанбаста 8 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде біз жаңа зерттеулер мен технологияларды меңгеру арқасында тәжірибе жинақтап келеміз. Бұл біздің маман ретінде шыңдалуымызға оң әсер етеді. Қаражанбасты ғылым жағынан дамыту үшін цех ұжымы жұдырықтай жұмыла жұмыс істейді», – дейді Әсет.
Жас мамандар – өндірістің қозғаушы күші, өйткені олар аға буыннан үлгі ала отырып, кен орнын жаңа белестерге жетелейді. Мысалы, олар гидродинамикалық зерттеулер арқылы тәжірибелік-өндірістік сынақтарға дейін және кейін профильді теңестіру тиімділігіне талдау жүргізді.
«Ғылым ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Ғылымға жаңа технологиялар мен білімді енгізусіз, цифрландырусыз экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес», – деп атап өтті ҰҒЗӨЖЦ жетекші инженері Бағдат Койлыбаев.
Кен орны үшін цехтың болашағы аса маңызды, өйткені біліктілік пен тәжірибенің бәсекеге қабілетті болу – ғылыми-техникалық прогресс кезінде басты міндет. Осылайша, қаражанбастық жас ғалымдар рецензияланған журналдарда ғылыми мақалалар жариялап, халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысып, өз жобаларын қорғауға ниетті. Сондай-ақ SPE аясында гидродинамикалық және зертханалық зерттеулер бағыттары бойынша басқа компаниялармен әріптестік қарым қатынасты нығайтуды жоспарлап отыр.