К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қыркүйек 10:30

Қаражанбаста кеңсе қызметкерлері марапатталды

Бұл жолы орталық аппаратта еңбек ететін қызметкерлер құрметке бөленді.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да Қазақстан мұнайының 125 жылдығы және кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағының 50 жылдығына орай жұмысшыларды марапаттау жалғасып жатыр. Бұл жолы орталық аппаратта еңбек ететін қызметкерлер құрметке бөленді.

Бас директор Марат Елеусінов ұжымды құттықтап, компанияның дамуы жолында кен орнындағы мұнайшылармен қатар кеңсе жұмысшыларының да үлесі зор екенін атап өтті. Содан соң 30-ға жуық қызметкерді Қазақстан мұнайының 125 жылдығы, «Қаражанбасмұнай» АҚ 50 жылдығына арналған төсбелгілермен марапаттады.

 

Бұдан бөлек бірқатар жұмысшыға Маңғыстау облысы әкімі мен ҚБМ Басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.