Нақтырақ айтсақ, бірнеше цех аумағындағы тамыр жаймаған көшеттердің орнына суыққа төзімді, климат талғамай өсетін 250-ден астам қарағаш отырғызылды.
Агрономдардың айтуынша күзде егілген көшеттер күтімді аса қажет етпейді. Сондай-ақ олар көктемгі көшеттерге қарағанда тезірек бой түзейді екен. Сенбілікке шыққан мұнайшылар, абаттандыру шарасына асқан жауапкершілік танытты.
«Көктемде егілген көшеттер арасында тамыр жая алмағандары болды. Оған бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Уақытылы суарып, күтім жасасақ та, агрономдармен ақылдасып, жаңа ағаш егеміз деп шештік. Жас шыбықтар келер жылы жайқалып өседі деген ойдамыз», – деді Өндірістік басқарма директоры Оңғар Қабылов.
ҚБМ үшін тал егу мен айналаны абаттандыру жыл сайын жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Жас көшеттерді отырғызу маусым сайын, яғни көктем және күз мезгілінде жүргізіледі.