Ашылу салтанатына «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Лю Цинго, Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев, кәсіподақ төрағасы Айтбай Қужухов, Ақтау қалалық №2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов, Ақтау қалалық №2 сотының судьясы Қанзиба Рысқалиева, «Халықаралық медиация орталығы» АҚҰ өкілдігінің директоры Мұса Нұржанов, кәсіби медиатор Абдулла Ақаш қатысты.
Медиация кабинеті дауларды бірлесіп шешу алаңы ретінде татуластыру рәсімдерін кеңейту, жанжалдарды азайту және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында ашылды. Кабинетте әлеуметтік-психологиялық жағдайды жақсарту және ҚБМ қызметі мен жұмысшыларына қатысты сот даулары барысында немесе одан тыс дауларды медиация тәртібімен реттеудің қазіргі заманғы тетіктерін енгізу көзделген.
Өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚБМ, сот, Қоғам қызметкерлері кәсіподағы және медиация орталығы арасында төрт жақты Меморандумға қол қойылды.
Кез келген даудың татуласумен аяқталғаны жақсы. Сондықтан Қаражанбаста ашылған «медиация кабинеті» арқылы жұмысшылар еңбек және өзге де даулар туындаған жағдайда жұмыс берушімен немесе қоғам мен оның келісімшарт бойынша контрагенттері арасында кәсіби медиаторлар көмегімен бітімге келе алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram