Жарыстар шымылдығы шахмат турнирімен ашылды. ІІ вахта ауысымы қызметкерлері ауыр жұмыс күнінен соң миға шабуыл жасап, ой жүйріктігін сынап көрді. Тартысты ойында барлығы 12 қатысушы ең ұтымды әдістерді қолдану арқылы жеңіске төте жолмен жетуге тырысты.
Нәтижесінде материалдық техникалық жабдықтау базасының инженері Ғани Чалабаев үздік үштіктен көрінді. Технологиялық көлік басқармасының жұмысшысы Азамат Нұрбауловқа екінші орын бұйырды. Ал ТКБ шебері Исладин Байсегізов қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Кәсіби мереке қарсаңындағы спорттық сайыстар екі вахта ауысымы бойынша тамыздың соңына дейін жалғасады.