К 30-летию Независимости Казахстана | 27 шілде 08:15

Қаражанбаста мыңға жуық мұнайшы екпе алды

Бұл барлық қызметкерлердің 20,8% үлесіне тең.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да жұмысшыларға коронавирусқа қарсы екпе салу ісі қарқынды жүріп жатыр. Қазір мұнайшылардың 20,8%-ы екпе алды. Оның ішінде 997 адам I компонентті алса, II компонентті толық алғандар саны – 540.

Вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кен орнында және «Нейрон» медициналық орталығында егу пункттері жұмыс істеп тұр.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келеді. Инфекциялық стационарлардың 60%-дан астамы науқастарға толы. Дәрігерлердің айтуынша, вирусты жұқтырмаудың жалғыз жолы - вакцина алу.