К 30-летию Независимости Казахстана | 01 шілде 09:00

Қаражанбаста су тұшыту зауытының екінші желісі сәтті іске қосылды

Қаражанбас кен орнында ілеспе қабат суын тұшыту зауытының екінші желісі сәтті іске қосылды. «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев зауытты толық пайдалануға беруге дайындық аясындағы ағымдағы жұмыс барысын тексерді.

Зауыт жүйелерін сынамалау ілеспе қабат суының көлемін беруді ұлғайта отырып, белгіленген стандарттарға сәйкес жүргізілуде. Резервуарларға сүзудің барлық сатылары арқылы тазалау процесінен өтетін қосымша 1000 м3 ілеспе қабат суы қабылданды. Химиялық талдау жүргізу үшін ҚБМ-нан келетін су, тұшытылған су және тұзды сұйықтық үлгілері алынды.

Жалпы алғанда жүйе көрсеткіштері қалған желілерді іске қосуға және Қаражанбас объектілеріне тұщы су беруге дайын екендігін көрсетіп отыр.