К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қыркүйек 16:20

Қаражанбаста вахташы спортшылар марапатталды

Қаражанбаста ІІ вахта ауысымы жұмысшылары арасындағы спорт жарыстарының жеңімпаздары марапатталды.

Мұнайшылар шахмат, арқан тарту, үстел теннисінен мықтыларды анықтап, волейбол және футбол алаңдарында тартысты ойын көрсетті.

Кәсіби мерекеге орай өткізілген додаға 100-ге тарта жұмысшы қатысты. Сайыстар ең алдымен мұнайшылардың ұжымдық рухын нығайтып, жеңіске жетуге ерекше жігер берді. Өзара ұйымшылдық пен мықты дайындық арқасында бабы мен бағы қатар шапқан командалар үздік атанды.

Марапаттау рәсімінде жарыс жүлдегерлері мен жеңіпмаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Қаражанбас спортшыларының бағындырар белестері мен жеңісті күндері әлі де алда.