Жарысқа 8 команда, яғни 50-ге жуық мұнайшы қатысты. Тартысты ойын кезінде бәсекелестік пен жеңіске деген ұмтылыс анық байқалды. Қатысушылар арасынан үздік деп танылған төрт команда жартылай финалда мықты ойын көрсетті.
«Командамен қатысатын жарыстар ең алдымен ұжымдық рухты арттырады. Жұмыс кезінде барлық цех жұмысшылары бір-бірін жиі көрмейді. Ал осындай шаралар арқылы бәріміз бір-бірімізді жақын тани түсеміз. Барша әріптестерді мерекемен құттықтаймыз», – деді жарысқа қатысушылар.
Жарыс қорытындысына сәйкес, технологиялық көлік басқармасы командасы ІІІ орынға ие болды. Ал ептлігімен ерекшеленген жабдықтарды пайдалану және икемдеп жөндеу цехының жұмысшылары екінші сатыға тұрақтады. Мықты дайындық және ұпай санының басымдығымен №3 мұнай өндіру цехы командасы І орын иеленді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі наурыз айының соңына жоспарланып отыр.