Шараға «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылары, өндірістік басқарма директоры Оңғарбай Қабылов, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Сембек Айдаров қатысты.
«Жаңа цехтың құрылысы бірнеше мәселені шешеді. Біріншіден, бұл бүгінгі күні мұнай өндіру бойынша жылдық жоспардың 60-65% орындайтын №2 мұнай өндіру цехының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа нысан мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға және жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға ықпал етпек. Барлық әріптестерімді үлкен құрылыстың басталуымен құттықтап, оның тез әрі табысты аяқталуын тілеймін», – деді Оңғарбай Қабылов.
МӨЦ-3 кеңсе ғимаратының құрылысы көптен күткен оқиға болып отыр. Бүгінде компанияның өндірістік аумағында екі мұнай өндіру цехі жұмыс істейді, олар кен орнының негізгі мұнай өндіру нысандары санатына жатады. МӨЦ-1 өндірістік аумағында 1103 және МӨЦ-2 1721 өндіруші ұңғымалар жұмыс істейді.
Ғимарат болашақта заманауи жабдықтармен және техникамен жабдықталатын болады, бұл өндірістің автоматтандырылған процестерін неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, МӨЦ-2 қызметкерлерінің бір бөлігін жаңадан құрылған цехқа ауыстыру жоспарлануда.
Цех 2021 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.