Тест сұрақтары жұмысшылардың тікелей қызметі, өндірістік, экологиялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша келді. Жарыс тапсырмаларын орындау барысында мұнайшылар әріптестерімен қарым-қатынас жасау бойынша тәжірибесін жинайды. Бұл олардың алдағы жұмысына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
«Жұмысшылардың көбі бұл байқауды асыға күтіп, дайындалады. Теорияны жақсы тапсырдым, енді мені ең жауапты – тәжірибелік кезең күтіп тұр», – дейді қабат қысымын ұстау цехының жөндеушісі Олжас Қуан.
Кәсіпорынның тұрақтылығы мен табысты болуы өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын және үнемі кәсіби біліктілігін арттыратын мамандарға тікелей байланысты. Сондықтан бұл жарыстар қызметкерлерді өндірістің тиімділігі мен мәдениетін арттыруға ынталандыратын маңызды моральдық аспектілердің бірі болып табылады, деп есептейді басшылық. Теориялық бөлімді аяқтағаннан кейін мұнайшылар өз бағыттары бойынша тікелей өндіріс орындарында тәжірибеден өтеді.