«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев пен Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері іске қосу процесін тексеріп, технологиялық көрсеткіштерімен танысты.
Жұқа және ультра сүзу фазаларынан өткеннен кейін жиналған су төменгі қысыммен кері осмос жүйесі арқылы өтті. Сонымен қатар, зауыттың қалған желілерін сығымдау және жуу жүзеге асырылуда. Жалпы, бірінші желіні іске қосу технологиялық нормативтерге сай сәтті жүргізілді.
Нәтижелермен танысқан ҚБМ Басқармасы қалған желілерді іске қосу қарқынын арттыруды және жүйені қажетті көрсеткіштерге шығаруды тапсырды.