К 30-летию Независимости Казахстана | 27 желтоқсан 09:08

Қаражанбастағы «Ғажайып алаң»

Барабанды бұраңыз! Қаражанбастың мәдени-демалыс орталығы нағыз «Ғажайып алаңға» айналды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мұнайшылар зияткерлік ойынға қатысып, білімдерін шыңдап қана қоймай, жұмыстан тыс уақытын тиімді өткізді.

Ойын тақырыбы: «Маңғыстау облысында қолданылатын диалект сөздер». Ал ережелері танымал телешоудағыдай. Ойынға әртүрлі цехтардан 9 жұмысшы қатысты. Олар алдымен үшке бөлініп, іріктеу кезеңінде бақ сынады. Үштіктен үздік шыққандар финалға жолдама алды.

«Ойынға әр цехтың қиялы жүйрік, ойы ұшқыр үздіктері келді. Сондықтан әр кезең қызықты әрі тартысты болды. Өңірімізде қолданылатын диалект сөздерді тауып қана қоймай, мағынасын ашуға тырыстық. Осындай пайдалы жарысқа қатысқанымызға, жұмыстан тыс уақытымызды тиімді өткізгенімізге қуаныштымыз», – деді жұмысшылар.

 

Финалдық бәсекеде электромонтер Жұбаныш Нұралиев қарсыластарынан басым түсті. Осылайша ол «Ғажайып алаңның» жеңімпаз атанып, электр цехының намысын абыроймен қорғады. Қатысушыларға естелік сыйлықтары табыс етілді.