Тактикалық жоспар бойынша, №1 жатақхана ғимараты 8 блогының төртінші қабатында орналасқан бөлмеде өрт тұтанды. Жұмыс ауысымынан соң демалып жатқан мұнайшылар дабыл белгісін естіп, арнайы алаңға, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Кезекші пультіне апаттық жағдай туралы хабарлама түскен сәттен бастап, бригада жатақханаға жақын орналасқан өрт сөндіру базасының аумағынан оқиға орнына 6 минут ішінде келді.
Өрт-құтқару бөлімшелері шартты өртті тез сөндірді. Алайда, бірден ғимаратқа таралған түтін ішінде екі қызметкерді қалып қойды. Жеке құрам автосаты көмегімен терезе арқылы кіріп, шартты зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Біреуінің аяғы сынған, екіншісін -1,2 дәрежелі күйік шалған. Оларға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығу процесіне 12 бірлік арнайы техника және 49 адам жұмылдырылды.
Түпқараған аудандық ТЖ бөлімінің басшысы-гарнизон басшысы, қатысқан барлық бөлімшелердің жұмысын «Өте жақсы» деп бағалады. Оқу-жаттығуларды бақылаған Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев өрт-құтқару қызметі мен өндірістік персоналдың өзара іс-қимылы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Оқу-жаттығу ҚБМ және өрт-құтқару қызметі басшы құрамының, өндірістік персоналдың объект аумағында апатты оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге дайындығын анықтауға мүмкіндік берді. Мұнай өндіру объектілері аумағында тұрақты өткізілетін практикалық сабақтар жобаның кен орнының қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі.