К 30-летию Независимости Казахстана | 22 сәуір 14:30

Қаражанбастағы су тұшыту зауытын іске қосу талқыланды

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиевтің төрағалығымен компания активінің отырысы өтті.

ҚБМ басшылығы ҚМГ Төраға орынбасарына компанияның негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін таныстырды.

Жиналыс барысында мұнай өндірудің жылдық жоспарын орындау, стратегиялық маңызды жоба – қабат суын тұшыту зауытын іске қосу және компанияның экологиялық мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелермен танысқан ҚМГ басшысының орынбасары мұнайшыларды өндірістік тиімділікті арттыру үшін жұмысты жандандыруға шақырды.