К 30-летию Независимости Казахстана | 23 маусым 10:15

Қаражанбастағы су тұшыту зауытында алғашқы су алынды

Ілеспе қабатының бұл суын алу сынамалау жүргізу мақсатын көздейді.

Қаражанбастағы ілеспелі қабат суын тұшыту зауытының резервуарларына технологиялық процестерді сынау үшін қабат суының алғашқы көлемі берілді. Аталмыш көптен күткен оқиға – өндірісті бастауға дайындықтың маңызды қадамы. «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Ли Тецян, Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев, сондай-ақ облыс әкімдігінің өкілдері іске қосу фазасы аясында көлемі 915 м3 болатын суды қабылдау процесін тексерді.

Қабат суы сығымдау сорап станциясынан және мұнайды дайындау және айдау цехынан сыртқы желілердің сорап алаңы арқылы берілді. Шикізат көмірсутектерді жоюдың бастапқы кезеңінен өтті, орташа және жұқа сүзгілеу, сонымен қатар технологиялық процесс кері осмосқа дейін сыналды. Кейін кіру және шығу (ұсақ тазартуды сүзгеннен кейін) кезінде алынған сынамалар химиялық құрамын талдау үшін зертханаға жіберілді.

«Бүгін бәріміз үшін маңызды күн. Құбырлар арқылы қабат суын сәтті өткізіп, технологиялық процесті сынауға кірістік. Ортақ іске көп маманның еңбегі сіңді. Енді жақын күндері технологиялық процестің қалған учаскелері белгіленген мерзімде іске қосу үшін кезең-кезеңімен сыналады», – деп атап өтті ҚБМ басқармасы.

ҚБМ Басқармасы жұмыс барысымен танысып, технологиялардың дұрыстығына көз жеткізіп, жауапты тұлғаларға іске қосу жұмыстарына дайындалуды тапсырды. Өндірістің күрделілігі мен жаңалығын ескере отырып, ҚБМ тарапынан барлық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті мамандар жұмылдырылды.

Айта кету керек, жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылуда. Зауыт жер асты суларын тұшыту, энергия ресурстарын үнемдеу саласында көшбасшы болуға қауқарлы.