К 30-летию Независимости Казахстана | 14 наурыз 12:15

Қаражанбастықтар амал мерекесін қалай тойлайды?

Бүгін көктемнің мерекелі күні «Қаражанбасмұнай» АҚ-да көңіл-күй ерекше. Таң атысымен орталық кеңсе қызметкерлері мен кен орнындағы мұнайшылар бір-бірімен көрісіп, көктемнің сәтті басталуымен құттықтады.

«Біз бәріміз мейірімділік пен жылылықтың, отбасылық және мәдени құндылықтардың нышаны болып табылатын жарқын мерекені асыға күтеміз. Ұзақ жылдар бойы біз бір шаңырақ астында еңбек ете жүріп, ұйымшылдық пен тұрақтылықты біріктіретін ұлы күш - Амалды бірге қарсы аламыз. Еңбек ұжымының осы қасиеттерінің арқасында компаниямыз алға қойған мақсаттарына жетіп, болашаққа сеніммен қарайды. Сіздерге денсаулық, амандық тілейміз», – деп құттықтады ҚБМ Басқармасы.

Бұл күні кабинеттер мен асханаларда ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайылады. Қаражанбастықтар Амалды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды. Көрісу – Ұлы далада ғасырлар бойы қалыптасқан, терең дәстүрді бойға сіңірген мереке. Амал адамдарды бірлікке, бейбітшілік пен жақсылыққа бастайды.