К 30-летию Независимости Казахстана | 09 сәуір 08:24

Қаражанбастықтар жалпыұжымдық сенбілік өткізеді

2021 жыл – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша «Экология жылы».

«2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толып, еліміз тарихи кезеңге аяқ басады. Аталмыш мерекеге орай, компания республикалық көгалдандыру акцияларына қосылып, кен орнындағы жағымды экологиялық атмосфераны жандандыруды жоспарлап отыр. Осыған орай, 17 сәуірде өтетін жалпыұжымдық сенбілікке бір кісідей қатысып, сенбілік аясында өтетін ағаш егу шарасына белсенділік танытуға шақырамыз», – делінген «Қаражанбасмұнай» АҚ хабарламасында.

 

Компания қызметкерлері таяуда республикалық «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары кен орнында сенбілік өткізген болатын. Эко-акцияға мердігер мекеме жұмысшыларымен қоса, өндірістегі барлық бөлім мен цехтен 125 адам қатысты. Қолына күрек пен тырма, қоқыс қаптарын алып іске кіріскен жұмысшылар вахталық қалашық аумағын, өндірістік объектілер маңын, кен орны мен автожолдар жиегін тазартты. Нәтижесінде 5 тоннадан артық қоқыс жиналды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жою «Көктем» МКК-на тапсырылды.