Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ҚБМ-ның алдын-ала оқытудан өткен ішкі аудиторлары өндірістік цехтар мен орталық аппараттағы құрылымдық бөлімшелердің жұмыс процестерін тексерді.
Негізгі мақсат – процестерді жүйелеу және МИЖ мәселелерінде құрылымдық бөлімшелердің өзара байланысын бекіту. 10 күн ішінде аудиторлар тобы ҚБМ процестерінің ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 стандарттары талаптарына, МИЖ саласындағы заңнамалық, ішкі және басқа да қолданылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және бағалау бойынша жұмыс істеді. Сондай-ақ жоспарланған іс-шаралардың орындалуы тексеріліп, бұған дейінгі аудит нәтижелері талданды.
Еске сала кетейік, биыл сәуір айында ҚБМ басшылығы компанияда менеджменттің интеграцияланған жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жоспарын бекітті. Сәйкесінше, ішкі аудиторлар ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 стандарттарының талаптары бойынша арнайы оқытудан өтті. Олар әрі қарай да компанияда МИЖ тұрақтылығын сақтап, сапа менеджменті, ҚБМ-ның даму тұжырымдамалары аясындағы қарқынды жұмысын жалғастыра бермек.